
ШЫМКЕНТТЕГІ КӘСІПОРЫНДАР СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Шымкент қаласындағы бірқатар кәсіпорындар сертификатталды. Атап айтқанда, «Nanduk», «Ramazan Bey» дәмханалары және «Аманат ет» ет дүкені «QMDB Halal» сертификатына ие болды. «Халал Дамудың» жергілікті мамандары Қазбек Сарыбаев пен Аружан Аралбай аталған кәсіпорындарда бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, халал талаптарының толықтай орындалғанын анықтады.
Сертификаттау жұмыстары барысында «Халал Дамудың» мамандары өнімдердің құрамын, шикізаттың шығу көзін, сақтау жағдайларын және өндірістік процестерді мұқият тексерді. Бұл кәсіпорындардың халал стандарттарына толық сәйкестігі расталып, оларға тиісті сертификаттар табысталды.