
ШЫМКЕНТТЕГІ КӘСІПОРЫНДАР СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Шымкент қаласындағы «Probakery» наубайханасы мен «Бақара» ет дүкені «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Дамудың» Шымкент қаласы бойынша жауапты өкілі Қазбек Сарыбаев табыстады.
«Сертификаттау үрдісі аталған кәсіпорындардың халал өнімдерін өндіру мен сату саласындағы жауапкершіліктерін айқындайды. «Probakery» наубайханасы халал стандарттарына сай өнімдер өндіруді көздеп, өзінің наубайлық өндірісінде тек халал ингредиенттерді пайдаланатынын дәлелдеді. Сонымен қатар, «Бақара» ет дүкені, мұсылман қауымына арналған халал ет өнімдерін нарыққа ұсынуда, өз қызметін исламның діни талаптарына сәйкес жүзеге асырып отыр. Бұл сертификат Шымкент қаласында халал нарығының дамуына елеулі үлес қосып, тұтынушылардың халал өнімдерге деген сұранысын қанағаттандыруға ықпал етті», – дейді өкіліміз.