Шымкент қ.: Кәсіпорындарда айлық аудит жүргізілді
Шымкент қаласындағы «Халал Даму» бақылауындағы кәсіпорындарда аудит шаралары жүргізілді. Айлық аудитті бас сарапшы-технолог Айжан Қаламаханқызы және жергілікті мамандар Қазбек Сарыбаев, Аружан Аралбай орындады.
Бекітілген жоспар бойынша оңтүстік өңірдегі «Нәрлен» сауда белгісімен шығарылатын «Қарқын 2030» шұжық цехы, «Бәйтерек Шымкент» кондитерлік кәсіпорны, «Maki-Maki» фаст-фуд өнімдері, «Chak-Chak» мейрамханасы тексерілді.
Мамандар жүргізген қорытынды акт нәтижесі бойынша кәсіпорындардың барлығы халал стандарт талаптарын толықтай қадағалауда. Қызметкерлер де бекітілген талап-тәртіптерді сақтай отырып, өнім өндіруде. Алайда, кейбір кәсіпорындарға кішігірім ескерту айтылды. Алдағы уақытта жергілікті мамандар әлі де тексеріс шараларын жалғастыратын болады.