Шығыс Қазақстан облысында аудит жұмыстары жүргізілуде
«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, технолог Әсел Мақсатқызы және ШҚО бойынша жауапты өкіл Досжан Төлегетайұлы Өскемен қаласындағы кәсіпорындарда тексеріс жұмыстарын жүргізді.
«Mилано Кейкс» кондитерлік өнімдері, ТОО «Усть-Каменогорский мясо-консервный завод - Улан», «Достык жол компани» ЖШС, «Усть-Каменогорской маслозавод» ЖШС май өндірісі, Кафе Халал «Кулаев» ЖК тамақтану орны, «Крупы Востока» комбикорм өндірісі, «Magnum» сауда желілері, «Айтас-МП» ЖШС шұжық өндіру цехтерінің өндірісі, бекітілген халал стандарттың талап-тәртіптерін сақтау мәселелері, өндірістік техникалық құрал-жабдықтары, шикізат көздері мен тағамдық қоспалары, шариғат шарттары мен стандарт талаптарына сай өнім өндіруі, қызметкерлердің бекітілген талап-ережелерді сақтауы тексерілді.
Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысын, Абай облысын сүт және сүт өнімдерімен қамтитын «QMDB Halal» сертификатын алуға ниет білдірген «Восток Молоко» зауыты тексерістен өтуде, тексеріс нәтижелері жақын арада хабарланатын болады.
Бақылау-қадағалау шараларының әлі де аяқталмайды, алдағы күндері кәсіпорындар тексерілетін болады.