Өскеменде кәсіпорындар тексерілуде
«Халал Даму» маманы Омарова Айжан мен жергілікті жауапты өкілі Үмбет Досжан кезекті тексерісі барысында .
Кезекті бақылау барысында «Адал ет» ЖШС, «Крупы востока» ЖШС, «Шоу» ЖШС және «Арсанукаева М.С.» ЖК, «Айтас-МП» ЖШС кәсіпорындары бақылаудан өткізілді. Мекемелердің ішкі санитарлық тазалығынан бастап, өндірістік техникалық құрал-жабдықтары, шикізат көздері мен тағамдық қоспалары, шариғат шарттары мен стандарт талаптарына сай өнім өндіруі, қызметкерлердің бекітілген талап-ережелерді сақтауы тексерілді.
Мамандар бақылауының қорытындысына сәйкес, аталған кәсіпорын өндірісі мен дайын өнімдері «QMDB Halal» талаптарына сай.