СҚО: «КОМПОТ» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Петропавл қаласындағы «Компот» дәмханасының халал сертификаты жаңартылды. «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Мақсат Аманжолұлы дәмханада аудит жұмыстарын жүргізіп, «QMDB Halal» сертификатын табыстады.
«Сертификаттау барысында толыққанды аудит жүргізіліп, күмәнді деп танылған өнімдер мен тағамдық қоспалар лабораториялық зертханаға жіберілді. Барлық қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді барлық процесс тексерілді. Аудиттің оң нәтижесінен кейін сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды», – дейді жергілікті өкіл.