Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

15 тамыз 2024

634

Жаңалықтар

СҚО: КӘСІПОРЫНДАРДА АЙЛЫҚ АУДИТ ЖҮРІГІЗІЛДІ

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлының Солтүстік Қазақстан облысына іс сапары барысында жергілікті кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларына облыстың бас имамы Хамзат Қажымұратұлы және «Халал Дамудың» жергілікті маманы Мақсат Аманжолұлы қатысты. 

Аудит барысында «Петровское» және «Tezis» сүт өнімдері, «Meat Ecology Products» қасапханасы, «DEZ» ұн өндірісі, «Петропавловский хлебобулочный комбинат» нан өнімдері, «Компот», «CTR Chiken», «Plov Jan» тамақтану орындары, «Happy Cake» кондитерлік цехы, «Сайев» және «Нургужинов» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі ет дүкендері, «Formsan VM6» тағамдық қоспалар өндірісі тексерілді.

«Аудит аясында кәсіпорындардағы шикізат пен тағамдық қоспалардың халалдығы, өндірістің бекітілген халал стандартқа сәйкестігі, санитарлық-тазалық мәселесі қадағаланды. Тексеріс қорытындысына сәйкес, өндіріс орындарының стандарт талаптарын сақтауы, тазалығы, қолданыстағы техникалық құрал-жабдықтар сапасы жоғары деңгейде. Кәсіпорындар бекітілген халал талаптарын толықтай орындауда», – деп хабарлайды А.Асқарбекұлы.


Бөлісу: