«Сыбаға» ет дүкені сертификат жаңартты
«Дәстүрдің озығы бар, дәурені өткен тозығы бар» демекші кәделі мүше ұсынылатын «сыбаға» атты игі дәстүр бар қазақта. Осы дәстүрге себепші болып жүрген «Ракишев» ЖК «Сыбаға» ет дүкенінің сертификаты жаңартылды. Сертификатты ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы табыстады.
Дүкеннің өнімдері толық тексерістен өткізілді. Аталмыш кәсіпорын 1:2016 «Мал бауыздау және ет өңдеу» және 1:2015 «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша қадағалануда.