Табиғи сары майды қалай таңдаймыз?!
**САРЫ МАЙДЫ ҚАЛАЙ ТАҢДАУҒА БОЛАДЫ ЖӘНЕ САПАСЫН ҚАЛАЙ ТЕКСЕРЕМІЗ?!** Қалалық жерде тұратын тұтынушылардың ең жиі қоятын сұрағы «Қандай сары майды алуға болады?!» Көпшілігіміз сары майдың (сливочное масло) ең жақсы түрі – (деревенское) «ауылдық» деген түрі деп ойлаймыз. Қарапайым сауд орындарын былай қойғанда, сүт өнімдерін сататын «фермерлік дүкендерде» де жасанды (подделка) май түрлерін кездестіруге болады. Ал, сауда орындарында «Сары май» деген атаумен сатылатын майлардың шын мәнісінде қандай май екенін анықтау қиын. **Табиғи сары май қандай болады?!** Сары майдың екі сорты болады: жоғары және бірінші сортты. Және майлылығы жағынан да екіге бөлінеді: классикалық (80-85%) және майлылығы төмендетілген (50-79%). Сонымен қатар, өндіру технологиясына байланысты сары май «тұзды» және «тұзсыз», «тәтті» және «қышқылды» деп бірнеше түрге бөлінеді. Табиғи сары майдың түсі сарғыш болса, өсімдік майлары немесе маргариндер ашық сары түсті кейде ақшыл болып келеді. Сары май кесілген кезде тығыз, нанға оңай жағылып, тез ериді. Егер май үгітіңкіреп, майдың кесіндісінде ұсақталған қабатты консистенция пайда болса, ол – өсімдік аралас майлар (спрэдтер) немесе маргарин болуы әбден мүмкін. **Қаптамадағы назар аударатын жайттар** Ең алдымен майдың қалай жасалғанына және қаптамасына назар аударыңыз. Қаптамасында расымен де «сары май» деп жазылып тұр ма немесе «май қосылған өнім» деп көрсетілген бе мұқият қараған жөн. Сары майды сатып аларда қаптамасында көрсетілген «табиғи», «диеталық», «жеңіл май» деген сөздерге алданбаған жөн. Бұл тұтынушының назарын аудару үшін жасалған маркетингтік дүние. Ұсақ қаріппен жазылған өнімнің құрамын мұқият оқып шығыңыз. Табиғи сары май тек қана қаймақ пен сиыр сүтінен жасалады. Табиғи майда өсімдік майлары (пальма майы, арахис майы, кокос майы, гидрогенизденген май және «сүт майларын алмастырушы майлар» («заменитель молочных жиров») болмайды. Сонымен қатар, сары майдың жарамдылық мерзімі бір ай ғана. Егер жарамдылық мерзімі ұзақ уақытты көрсеткен болса, бұл, өндірушінің майдың құрамына консерванттар қосқандығын аңғартады. **Сары майды қалай тексереміз?!** Стаканға ыстық су құйып, бір қасық май салыңыз. Май толығымен ерігенше жақсылап араластырыңыз. Егер май толықтай еріп, су сүт секілді ақ реңке айнласа – майдың табиғи болғаны. Стаканның жақтауларында немесе түбінде май қалдықтары қалса бұның құрамына артық қоспалар қосылған жасанды өсімдік майы екендігін біле аласыз. Мақала www.gastronom.ru сайтынан аударылды.