Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

03 қараша 2025

14

Жаңалықтар

ТАЛҒАР: ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР

Алматы облысы, Талғар қаласындағы «Рақымберген қажы» мешітінің әйел жамағатына халал турасында оқу-семинар өткізілді. Семинарда  «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Жанәбіл Жұмабеков дәріс оқыды.

Семинар барысында қатысушыларға халал және харам ұғымдарының шариғи негіздері, тағам мен тұрмыстық өнімдерге қойылатын талаптар, сондай-ақ халал сертификаттаудың маңызы мен кезеңдері туралы жан-жақты мәлімет берілді.

Жанәбіл Жұмабеков өнімнің халал стандарттарына сәйкестігін анықтау жолдары, күмәнді қоспалар мен құрамдарға назар аудару қажеттілігі жайында түсіндіріп, нақты мысалдар келтірді.


Бөлісу: