Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

27 қазан 2022

109

Жаңалықтар

Талдықорған қаласы: қасапшы куәлігі берілді

 Талдықорған қаласы тұрғыны Орманов Ренат Алдабергенұлы қасапшы куәлігін алды.

«Адал ас өмірдің берекесі, асы адал болғанның басы аман болады» - дейді «Халал Даму» ЖШС жергілікті өкілі Ордыбай Мұхаммед. «Мал бауыздау және ет өңдеу» стандарт ережелерін толық сақтау шартымен қасапшыға халал мал бауыздау құқығы беріледі. Ал қасапшы мал бауыздау рәсімін адал ниетпен атқаруға, стандарт ережелерін сапалы түрде орындауға, өндірістік тәртіпті және заңнамаға сәйкес ережелерді сақтауға міндетті.

Сондай-ақ, фирма қасапшыны оқытып, нұсқама беріп отырады. Өз кезегінде қасапшы малды халал әдебімен бауыздауға қатысты оқу семинарына қатысып, білім алуы міндетті. Әрі кемінде тоқсан сайын бір рет халал әдебімен мал бауыздау турасында нұсқамадан өтіп тұруы тиіс.

Бөлісу: