Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

21 ақпан 2023

53

Жаңалықтар

Талдықорған өңірі бойынша барлық кәсіпорындар тексерілді

ҚМДБ-ға қарасты «Халал Дамудың» бас сарапшы маманы Жанар Мұратқызы Талдықорған өңіріндегі іссапары барысында жергілікті өкіл Мухаммед Ордыбай мен технолог Әселхан Сыдық тексеріс жұмыстарын жүргізді.

Талдықорған өңірі бойынша 14 кәсіпорын сертификатталған және олардың бәрі тексерістен өткен. Атап кететін болсақ: «Пармезан», «V-Burger», «Is Smile» Фаст-фуд өнімдері; «AS-SALAM» «Firdaus» «Chicken box» «Базилик» «НАРАТ», «Арафат», «Tandoor» тамақтану орындары; «TekTau» бал өндірісі; «Happy Cake» кодитерлік өнімдері; «Дастархан» жартылай фабрикаттары және «Мясной двор» қасапханасы.

Тексеріс қорытындысы оң нәтижені көрсетті. Аталған мекемелер шариғатқа сай рұқсат етілген өнімдерді ғана қолданып, халал стандарт талаптары бойынша жұмыс жасап жатқандығы анықталды.

















Бөлісу: