Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

25 тамыз 2022

54

Жаңалықтар

Талдықорған: Әйел жамағатына семинар өткізілді

«Халал Дамудың» технологы Әселхан Сыдықтың Талдықорған қаласындағы іс сапары барысында жергілікті «Иман» мешітінде әйел жамағатына арналған оқу-семинары өткізілді.

«Адал астың адам денсаулығына, құлшылығына тигізер ықпалы мол. Бұл жөнінде қасиетті Құран аяттары мен Пайғамбар (с. а. у) хадистерінде де көптеп айтылады. Дұғамыздың қабыл болуы, деніміздің саулығы, ұрпағымыздың ұлағатты болуы —  асымыздың адалдығына тікелей  байланысты», – деген Әселхан Сыдық «Халал Даму» қызметі, халал стандарт талаптары, тағамдық қоспалар жөнінде мағлұмат беріп, адал астың адам ағзасына әсері жөніне баяндады.

Семинар соңында тыңдарман сұрақтарына жауап беріліп,  дәріске қатысушылар «Халал Даму» ұйымына алғыс білдірді.

Бөлісу: