Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

01 желтоқсан 2021

173

Жаңалықтар

Талдықорған: Кәсіпкерлерге семинар өткізілді

ҚМДБ-ң Талдықорған өңірлік өкілдігінің ұйымдастыруымен «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталған кәсіпорын өкілдері мен қызметкерлеріне арналған «Халал – тіршілік һәм құлшылық өзегі» атты семинар өткізілді. Семинарды «Халал Дамудың» технологы, ветеринарлық санитария ісінің маманы Данияр Сафиев пен жергілікті инспектор-контролер Мұхаммед Ордыбай жүргізді.

«Халал – ел экономикасы мен Ислам әлемі үшін маңызды бағыттардың бірі десек қателеспейміз. Әлемде халал өнімге сұраныс күн санап артып келеді. Халықаралық экономикалық қатынастарды нығайту, отандық халал индустриясын дамыту мақсатында «Халал Даму» әрдайым кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді. Сіз бен біздің бірлескен еңбегіміз сауда нарығындағы жаңа бағыттарға жол ашады деп сенеміз», – деген Данияр Бақзейнелұлы халал сертификаттау және стандарттауға қатысты өзекті мәселерді қозғап, қатысушылар сұрақтарына жауап берді.

Семинар соңында, бірқатар қасапшылар мен кәсіпкерлерге сертификат табысталды.

Бөлісу: