Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

30 қараша 2021

43

Жаңалықтар

Талдықорған: «Magnum» сауда орындары тексерілді

Талдықорғандағы «Magnum Cash & Carry» сауда орнындағы ет және шұжық өнімдері тексерілді. Кезекті аудит шараларын ветеринарлық санитария ісінің маманы, технолог Данияр Сафиев пен жергілікті инспектор-контролер Мұхаммед Ордыбай орындады.

«Республика бойынша қарқынды дамып келе жатқан «Magnum Cash & Carry» сауда орталықтарындағы ет және шұжық сататын орындарды «QMDB Halal» стандарт талаптарына сәйкес сертификатталғаны мәлім. Біздің жұмыс, тек сертификат табыстаумен аяқталмайды. Сол себепті, еліміздің 10 ірі қаласында орналасқан «Magnum» сауда орындарын ай сайын тексеріп тұрамыз. Бүгін Талдықорғандағы «Magnum» сауда желілерін қайта бақылаудан өткіздік. Аталған сауда орындарында халал өнімдердің кең ассортименті ұсынылған. Тексеріс барысы шикізат пен тағамдық қоспалардан бастап, өнімді сатуға дейінгі сатыларды түгелдей қамтыды. Халал өнімдерді жеткізу, қабылдау, сақтау, дайындау және сату процесінде халал стандарттың барлық талаптары қатаң сақталған», – деп хабарлайды Талдықорған өңірінде кезекті тексерісте жүрген маманымыз Данияр Бақзейнелұлы.

Бөлісу: