ТАЛДЫҚОРҒАНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР СЕРТИФИКАТ ЖАҢАРТТЫ
Талдықорған қаласында орналасқан «ISSMILE» дәмханасы, "Арафат" кафесі және «Базилик», "Tandoor" дәмханалары «QMDB Halal» сертификатын жаңартты. Сертификатты ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша бас имамы Алмас Сағидоллаұлы мен «Халал Даму» мекемесінің аймақтық жауапты өкілі Мұхамет Ордыбай табыстады.
"Аталмыш дәмханалар сертификатын жаңарту мақсатында өндіріс орны, өнімін дайындалуы, тағамдық қоспалары, шикізаттары, санитарлық тазалығы толықтай тексерілді. "Халал даму" технологтары мен инспектор-контролер мамандары жүргізген жұмыс нәтижесі бойынша аталмыш дәмхана "Өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар" стандартына сай деп танылды", – деп хабарлайды жергілікті өкіл Мұхамет Ордыбай Талдықорған өңірі бойынша сертификаттау, сертификат жаңарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп тұратындығын жеткізді.