Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

01 желтоқсан 2021

50

Жаңалықтар

Талдықорғандағы кәсіпорындар тексерілді

«Халал Даму» технологы, ветеринарлық санитария ісінің маманы Данияр Сафиевтің Талдықорғандағы сапары барысында өңірдегі сертификаттаудан өткен кәсіпрорындарда кезекті айлық тексеріс жүргізілді. Ревизорлық бақылау-қадағалау шараларын орындауға жергілікті инспектор-контролер Мұхаммед Ордыбай да қатысты. Тексеріс барысында «Firdaus», «NeFis», «Bazilic», «Нарат», «Арафат», «Tandoor» тамақтану орындары, «Happy Cake» кондитерлік өндірісі, «Maki Maki» фаст-фуд өнімдері, «Мясной мир» қасапхана жұмысы қадағаланды.

«Таза, пайдалы, сапалы тамақ өнімдерін өндіру – халықтың қажеттілігін қанағаттандырудағы экономиканың негізі құраушы элементтерінің бірі. Сондықтан тамақ өндірісі мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін мен сұранысын қамтамасыз етуі тиіс. Осы ретте халал өнімдердің алар орны маңызды. Себебі, «халал» таңбасы өнімнің шариғатқа сай адал, адам денсаулығына зиянсыз, таза, пайдалы екенін білдіреді. Бүгін бақылау-қадағалаудан өткен кәсіпорындар да осы талаптарға толықтай сай. Қадағалаудан өткен өндіріс орындары бекітілген халал стандарты талаптарына сай өнім өндіріп, қызмет көрсетуде. Кейбір кәсіпорындарға ескерту жасалынса, енді біреулерінде стандарт талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеді», – деген Данияр Сафиев Талдықорғандағы кезектен тыс бақылау-қадағалау шаралары толықтай орындалғандығын жеткізді.



Бөлісу: