Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

14 маусым 2022

152

Жаңалықтар

"Тәп-тәтті" кондитерлік өнімдері сертификат жаңартты

Нұр-сұлтан қаласындағы "Тәп-тәтті" кондитерлік өнімдері "QMDB Halal" сертификатын жаңартты. Аталған кондитерлік кәсіпорын өнімдері "Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға, сатуға қойылатын жалпы талаптар" стандартына сай деп танылды. 

"Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы кәсіпорын өкілдеріне "QMDB Halal" сертификатын табыстап, алдағы уақытта міндетті аудит шаралары жалғасатынын ескертті. Сонымен қатар, халал саласын дамытуға қосқан еңбектеріне алғысын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі.

"Тәп-тәтті" кондитерлік желісінің Нұр-Сұлтан қаласындағы 2 цехы мен сату орындары толықтай тексерістен өтті. Тиісті өнімдерге лабораториялық сынақ жүргізілді.Кондитерлік өнімдер ешқандай  дәм күшейткішсіз, алмастырғышсыз, табиғи әрі балғын өнімдерден дайындалады. Өндіріс орнында жаңа технологиялар мен заманауи құрылғылар қолданылады", – деп хабарлайды сараптамадан өткізген технолог Айжан Қалмаханқызы.


Бөлісу: