Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

09 маусым 2022

39

Жаңалықтар

Тараздағы тұрақты тексеріс жалғасуда

Жамбыл облысындағы жүйелі түрде жүргізілетін шұжық өнімдерін тексеру шаралары әлі де жалғасын табуда. Жергілікті инспектор-контролер Нұрмаджан Миразизов пен технолог Аблайхан Кәріпбаевтың кезекті тексерісі барысында  ЖК "Иштаев", ЖК "Касымова Лола", ЖК "Марьям", ЖК "Каракесеков" шұжық цехтары бақылаудан өткізілді.

Сараптама қорытындысы бойынша анықталғандай, аталған шұжық цехтарының өндіріс барысы мен дайын өнімдері бекітілген халал стандарты талаптарына толықтай сай. Тұрақты тексеріс жұмыстарынан кейінгі оң өзгерістерге кәсіпорын басшылары да разылықтарын білдіріп, аудит оң нәтиже көрсеткендігін жеткізді.


Бөлісу: