Аудит нәтижесінде барлық кәсіпорында халал стандарты талаптарының сақталатыны анықталды. Ет дүкендері мен кондитерлік цехтарда өнімнің әр кезеңінде сапаны бақылау жүйесі енгізілгені, жеткізушілердің тиісті құжаттары бар екені расталды. Сонымен қатар, мамандар өндіріс қызметкерлеріне халал стандарттарының маңыздылығын түсіндіріп, білімдерін жетілдіру бойынша кеңестер берді.
Тексеріс қорытындысы бойынша, «Халал Даму» өкілдері кәсіпорындарға өнім сапасын тұрақты бақылауда ұстау, технологиялық процестерді жетілдіру және тұтынушыларға адал өнім ұсыну бойынша ұсынымдар жасады. Осылайша, «Стамбул ет», «Наср ет», «Manali», «Bandai tatti» және «Gulai tattileri» кәсіпорындары халал талаптарына сәйкес жұмыс істеп жатқаны ресми түрде расталды.




