Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

21 шілде 2022

75

Жаңалықтар

«Таза» дезинфекциялық өнімдері сертификатталды

«Джэнерал Каспий Групп» ЖШС-не тиелесіне «Таза» сауда белгісімен шығарылатын дезинфекциялық өнімдер «QMDB Halal» сертификатына ие болды.

Дезинфекциялық және жуғыш заттар шығаратын аталмыш кәсіпорынның халал стандарттарына сай қызмет ету ниетіне байланысты және арнайы тексерістерден кейін, «Халал Даму» ЖШС-нің Маңғыстау облысындағы жауапты өкілі Іздібай Бегенұлы мекеме басшылығына «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша арнайы құжатты табыс етті.

«Таза» сауда белгісіне берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 29.06.2022 – 28.06.2023.



Бөлісу: