Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

24 сәуір 2024

203

Жаңалықтар

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Ақтөбе қаласындағы «Afsona» дәмханасы «Farmer» ет дүкені «QMDB Halal» стандартына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Алмат Амангелдіұлы табыстады.

«Afsona» дәмханасының сертификатын жаңарту барысында айлық аудит жұмыстары жүргізіліп, қолданыстағы өнімдері толықтай тексерілді. Санитарлық тазалығы, қызметкерлердің халал стандарты талаптарын сақтауы қадағаланды. Және де «Farmer» ет дүкені алғаш рет сертификаттаудан өткендіктен, қасапшылары мен сатушыларына халал жөнінде оқу-семинар өткізілді. Малдың шариғатқа сай бауыздалуы, тасымалдануы, сақталуы, сатылу тәртіптері түсіндірілді», – деп хабарлайды маманымыз.

Бөлісу: