Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

16 тамыз 2023

290

Жаңалықтар

Ақтөбе кәсіпорындары тексерілді

"Халал Даму" ұйымының ерекшелігінің бірі – әр ай сайын кезекті бақылау-қадағалау шараларының тұрақты түрде жүргізілуі. Ақтөбе облысындағы іссапары барысында, жергілікті инспектор-контролерлардың қатысуымен бірқатар өндіріс орындары кезекті ревизорлық қадағалаудан өткізілді. Кезекті іс-сапарда сарапшы-технолог Мейіржан Бауыржанұлы Ақтөбе қаласында орналасқан бірталай кәсіпорындарды тексерді.

📌Ай соңына дейін қалған мекемелерде де тексеріс жұмыстары өткізіліп жатыр. Қорытынды акт бойынша, мекемелерде стандарт талаптарын сақтамау және бұзушылық жағдайлары анықталмады. Тексеріс оң нәтижені көрсетті. Тексерілген мекемелер шариғатқа сай рұқсат етілген өнімдерді ғана қолданып, халал стандарт талаптары бойынша жұмыс жасап жатқандығы анықталды.

Бөлісу: