
АҚТӨБЕ: «MAXIPRO» ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Ақтөбе қаласындағы «Maxipro» және «Maxilin» құрғақ және сұйық сүт сусындарын өндіретін «Akshatau.kz» кәсіпорны «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. «Халал Дамудың» жергілікті технологы Ақмаржан Ержанқызы өндіріс аумағында бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізіп, кәсіпорынның халал талаптарына сәйкестігін растады.
Аудит кезінде өндірісте қолданылатын шикізаттар, технологиялық процесс, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, сондай-ақ өнім құрамындағы барлық қоспалар мұқият тексерілді. Нәтижесінде кәсіпорын өнімдерінің құрамы мен өндірістік жүйесі толықтай «QMDB Halal» стандартына сай деп танылып, арнайы сертификат табысталды.