АҚТӨБЕ: МЕШІТ ИМАМДАРЫНА СЕМИНАР
«Халал Дамудың» Ақтөбе облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен қала имамдарына «Халал – шариғат талабы» ы өткізілді. Семинарда халалдың жергілікті мамандары Алмат Амангелдіұлы мен Ақмаржан Ержанқызы дәріс оқыды.
«Халал стандарты» дегеніміз – бірінші кезекте өнімнің шариғат үкімдеріне сай болуы. Халал үкімі тек тағамға ғана тән десек қателесеміз. Халал индустриясына – тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, білім беру және денсаулық саласы, қаржы-қаражат т.б барлығы жатады. Нақтырақ айтқанда, халал стандартын қажет етпейтін сала жоқ. Осы орайда халал стандарттың шариғи үкімін де білген дұрыс. Себебі аят-хадис адам баласын харамнан аулақ болуға үндейді», – деген өкіліміз халал мен харамды ажырата білу ауадай қажет екендігін және халал стандарты талаптары мен ерекшеліктерін жеткізді.