АҚТӨБЕ ОБЛ.: «МАКИ-МАКИ» ФАСТ-ФУД ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
«Маки-маки» фаст-фуд дәмханасының Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласындағы желісі «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталды. Сертификатты Мұғалжар ауданының бас имамы Шадман Мұхаммедисмаил Мұхаммедибраһимұлы жұмада табыстады.
«Бұл шара Мұғалжар ауданының тұрғындары үшін қуанышты оқиға, өйткені халал нарығында сапа мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету маңызды. «QMDB Halal» сертификаты дәмханадағы барлық шикізаттар мен ингредиенттердің шариғат талаптарына сәйкес екенін растайды», – деген Шадман Мұхаммедисмаил Мұхаммедибраһимұлы өз сөзінде халал өнімдердің артықшылықтарын атап өтіп, мұндай сертификаттың кәсіпкерлер үшін де, тұтынушылар үшін де үлкен маңызы зор екенін жеткізді.