Ақтөбе облысы: «Рика» телеарнасына сұхбат берілді
«Халал Дамудың» Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Жарасхан Абдусаламов жергілікті «Рика» телеарнасына сұхбат берді.
«Халал – барша мұсылмандардың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қатысты шариғат тыйым салмаған іс-әрекеттер шеңберін қамтитын тек Ислам дініне ғана тән ұғым. Расында, халал мен харам Алла Тағаланың әмірлерімен белгіленеді. Ешбір адам өз білгенімен халалды харам, харамды халал ете алмайды. «Адал», «арам» деген ұғымдарды Алла Тағала бекіткен. Кейінгі кезде елімізде халал өнімге сұраныс артып келеді. Сол себепті халал мен харамды айқындау үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау ұйымы құрылды» деп «Халал Даму» ұйымының атқаратын қызметі мен «QMDB halal» таңбасының маңызын түсіндірді.