АҚТӨБЕ: «РАМАЗАН ҚҰС» СЕРТИФИКАТЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ
Ақтөбе қаласындағы «Рамазан» жұмыртқа өндірісінің «QMDB Halal» сертификаты жаңартылды. «Халал Даму» технологтары Гүлмира Маратқызы мен Ақмаржан Ержанқызы өндіріс аумағында бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, өндіріс пен дайын өнімдердің халал талаптарына толықтай сай екендігін растады.
Тексеру барысында өндірістік процестер, шикізаттар мен қаптама материалдары егжей-тегжейлі тексеріліп, стандарттарға толық сәйкес екені анықталды. Сонымен қатар, мамандар кәсіпорын қызметкерлеріне халал стандарттарының маңыздылығы, өнім сапасын сақтау және өндіріс барысындағы гигиеналық талаптар жөнінде түсіндіру семинар өткізілді.
«Рамазан» жұмыртқа өндірісінің басшылығы халал қағидаттарын қатаң ұстанып, тұтынушыларға адал әрі сапалы өнім ұсынуды басты міндет деп санайтынын жеткізді. «Халал Даму» мамандары кәсіпорынның халал талаптарына жауапкершілікпен қарауын жоғары бағалап, алдағы уақытта да тұрақты түрде бақылау және оқыту жұмыстарын жалғастыратындарын атап өтті.





