АҚТӨБЕ: «РОКОС» ШҰЖЫҚ ЦЕХЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Ақтөбе қаласындағы «Рокос» шұжық цехында аудит жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» технологтары Гүлмира Маратқызы мен Ақмаржан Ержанқызы орындады.
Тексеру барысында өндіріс орнындағы санитарлық-гигиеналық жағдай, жабдықтардың тазалығы, шикізат пен қосалқы ингредиенттердің шығу тегі, сонымен қатар дайын өнімнің сақталу және қапталу талаптары мұқият зерделенді.
Сондай-ақ мамандар қызметкерлермен кездесіп, халал талаптарын сақтау шарттары, шариғатқа сай өндіріс жүргізудің маңызы және сапа тұрақтылығын қамтамасыз ету жолдары жөнінде түсіндірме семинар өткізді. Аудит қорытындысы бойынша цех жұмысы жалпы оң бағаланып, өндіріс процесінің «QMDB Halal» стандарты талаптарына сәйкестігі расталды. Кәсіпорын басшылығына бірқатар ұсыныстар беріліп, алдағы уақытта сапаны одан әрі жетілдіру бағыттары айқындалды.

