Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

09 ақпан 2024

156

Жаңалықтар

АҚТӨБЕ: «SAMAL CAKES» КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Ақтөбе қаласындағы ірі кондитерлік кәсіпорындардың бірі – «Samal cakes» халал стандарты бойынша сертификатталды. Облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы жұма намазына жиналған жамағат алдында кәсіпорын өкіліне «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

«Халал Даму» мамандары аталған кәсіпорын аумағында бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, шикізаттары мен тағамдық қоспаларын зертханалық тексерістен өткізді. Аудит жұмыстарының оң нәтижесінен кейін, сертификаттау жөнінде шешім қабылданды. «QMDB Halal» сертификатын табыстай отырып, кәсіптеріңізге береке, еңбектеріңізге мол табыс тілейміз», – деді бас имам.

«Samal cakes» кондитерлік өнімдеріне берілген сертификат: 02.02.2024-01.02.2025 жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Сәнкібай батыр, 12А/1.

Бөлісу: