.jpeg)
АҚТӨБЕ: «СЫБАҒА» ЕТ ДҮКЕНІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласында орналасқан «Сыбаға» ет дүкені «QMDB Halal» стандарттарына сәйкес ресми халал сертификатына ие болды. Сертификаттау алдындағы аудиттік тексерісті жергілікті технолог Ақмаржан Ержанқызы жүргізді. Тексеру барысында сақтау, тасымалдау және қызмет көрсету үдерістері түгел қамтылып, тексерілді.
Дүкеннің халал стандарттарға толық сай екені анықталып, оң шешім қабылданды. Жұма күні «Сыбаға» дүкеніне ресми халал сертификатын Хромтау ауданының бас имамы Ерік Қонақбайұлы салтанатты түрде табыстады. Мекенжайы: Хромтау қаласы, Есет батыр көшесі, 3.