Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

08 наурыз 2024

147

Жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕГІ КӘСІПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛДІ

«Халал Даму» технологтары Мейіржан Бауыржанұлы, Ақмаржан Ержанқызы Ақтөбе облысындағы кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстарын жүргізді. Бақылау шараларына жергілікті өкіл Алмат Амангелдіұлы да қатысты.

«Ақтөбе облысындағы аудит барысында «Сарқыт», «Аfsona», «Taksim», «Wok Point», «Tami» дәмханалары, «Айс» сүт фабрикасы, «Maxipro» пробиотик сусындары, «Рокос» шұжық цехы, «Рамазан құс» фабрикалары тексерілді. Қорытынды акт бойынша, мекемелерде стандарт талаптарын бұзу жағдайлары анықталмады. Тексеріс оң нәтижені көрсетті. Тексерілген мекемелер шариғатқа сай рұқсат етілген өнімдерді ғана қолданып, халал стандарт талаптары бойынша жұмыс жасап жатқандығы анықталды», – деп хабарлайды маманымыз.


Бөлісу: