Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

11 наурыз 2022

35

Жаңалықтар

«Тойбосс» шұжық цехы тексерілді

«Халал Даму» маманы Данияр Сафиев Қырғызстандағы ең замануи, әрі, модернизденген «Тойбосс» шұжық цехында бақылау-қадағалау шараларын жүргізді.

«Тойбосс» сауда маркасы – Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан, Ресей нарығын сапалы да халал шұжық өнімдерімен бағындырған жас кәсіпорын.  Кәсіпорын жұмысы өте жоғары деңгейде. Өндірісте қолданатын шикізат көздері, тағамдық қоспалары, зауыттың жабдықтары «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай. Қызметкерлердің де санитарлық-гигиеналық шараларды сақтауы үшін барлық жағдайлар қарастырылған. Сонымен қатар, өндіріс орнында шикізатқа микробиологиялық, физика-химиялық және органолептикалық сынақтар жүргізілетін, қондырғылар мен жабдықтардың санитарлық тазалығын қадағалайтын зертхана да бар», – деген Данияр Сафиев «Тойбосс» кәсіпорнында жүргізілген аудит шараларының оң нәтиже көрсеткендігін жеткізді.

Бөлісу: