
ТҮРКІСТАН: ҚАЛА ИМАМДАРЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Түркістан облысы, Жетісай ауданындағы «Нұғман» мешітінде «Адал ас – жан азығы» тақырыбында қала имамдарына арналған оқыту семинары өткізілді. Семинарды бөлімге жауапты маман Оралхан Мырзалы жүргізді.
Семинар барысында тамақтану орындары мен кәсіпорындардың «QMDB HALAL» сертификатын алу процесі, тексеру және қадағалау әдістері, сондай-ақ «Halal guide KZ» мобильді қосымшасын пайдалану тәсілдері туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, Оралхан Мырзалы аудан кәсіпкерлерімен кездесулер өткізіп, бөлім жұмысының белсенділігін арттыру жоспарланғанын, дін қызметкерлеріне ақпараттық-насихат жұмыстарын кең ауқымда жүргізу маңызды екенін атап өтті. Жиын соңында қатысушылар сұрақтарына жауап беріліп, харам және күмінді өнімдер мен қоспаларға қатысты пікірлер мен ұсыныстар тыңдалды. Имамдар мен қатысушылар халал стандарттарын сақтау және оның қоғамдық маңызы туралы өз ойларын ортаға салды.