Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

19 қазан 2023

960

Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «BQ BAL QYMYZ» ӨНІМІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Түркістан облысындағы «BQ Bal Qymyz» сауда белгісімен шығарылатын қымыз өнімі сертификатталды. Технолог мамандардың қатысуымен өндіріс орны толықтай бақылаудан өткізіліп, лабораториялық тексеріс жүргізілді.

«Қазақ қашаннан жылқылы ел болғаны белгілі. Оның балдай қымызы – шипалы сусын және дертке дауа. Көшпенді өмір салтын ұстанған ата-бабаларымыз құлынды биеден саумал сауу, одан дәмді қымыз даярлау әдісін ұрпаққа жеткізген. Осындай құнды ұлттық өнімімізді халал стандарты талаптарына сай дайындау арқылы қазақтың сусыны қымызды ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа танытуды көздейміз», – дейді кәсіпорын өкілі.

«Adil Sauda» кәсіпорнының «BQ Bal Qymyz» өніміне берілген «QMDB Halal» сертификаты 16.10.2023-15.10.2024 мерзімі аралығында бір жылға жарамды. Мекен-жайы: Түркістан облысы, Төле би ауданы, Ленгір қаласы, Абай көшесі, 2.

Бөлісу: