.jpeg)
ТҮРКІСТАН ОБЛ.: КӘСІПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛДІ
Түркістан қаласындағы «Айжамал тәттілері», «Дорба» және «Daily food» кәсіпорындарына кезекті бақылау-қадағалау жұмыстары жүргізілді. Тексеріс барысында кәсіпорындардың өндіріс процестері, шикізат пен дайын өнімдердің сақталу шарттары, құрал-жабдықтардың тазалығы және жалпы халал стандарттарына сәйкестігі мұқият қаралды.
Аталған шараларды «Халал Даму» технологы Аружан Аралбай орындады. Ол өндірістік алаңдарды аралап, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуын, өнім құрамы мен қаптамадағы таңбалаулардың дұрыстығын тексерді. Сонымен қатар, қызметкерлерге халал талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіп, қажетті ескертулер мен ұсыныстар берілді.
Бұл жұмыстар тұтынушыларға ұсынылатын өнімдердің қауіпсіз әрі шариғатқа сай болуын қамтамасыз етуге бағытталған. Бақылау нәтижелері бойынша тиісті қорытынды жасалып, алдағы уақытта да жүйелі тексерістер жалғасатыны атап өтілді.