Түркістан облысы: тексерістер жүргізілуде
Ақпан айының кезекті тексеріс жұмысын технолог Аралбай Аружан және жергілікті өкіл Таңат Болатұлы Түркістан қаласында жүргізуде.
Кезекті айлық тексеріс барысында халал стандарты бойынша сертификаттаудан өтіп, халал сертификаты берілген «Waw Plov» тамақтану орны және «Halyk» кондитерлік өнімдерін өндіруші «Женис» ЖК кәсіпорны тексерілді.
Тексеріс қорытындысы оң нәтижені көрсетіп, мекемелер шариғатқа сай рұқсат етілген өнімдерді ғана қолданып, халал стандарт талаптары бойынша жұмыс жасап жатқандығы анықталды.