ТҮРКІСТАНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛДІ
«Халал Даму» мамандары Данияр Бақзейнелұлы мен Таңат Серкебай Түркістан облысындағы кәсіпорындарда айлық тексеріс шараларын жүргізді. Атап айтқанда, «Daily food», «Халдаров», «Aika food», «Дильноза», «Ордабасы құс» және сертификат алуға өтініш білдірген бірқатар кәсіпорындар тексерілді.
Аудит барысында кәсіпорындардың халал стандарт талаптарын сақтай отырып өнім өндіруі, өңдеуі, сақтауы, тасымалдауы, сатуы толықтай қадағаланды. Өндіріс барысында санитарлық тазалықтың орындалуы да назардан тыс қалмады. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлеріне халал жөнінде кішігірім семинар өткізілді.
Айта кетейік, оңтүстіктегі іс-сапар барысында, Алматы облысы мен қаласы, Түркістан облысы, Шымкент шаһары, Жамбыл облысындағы кәсіпорындарда бақылау-қадағалау шаралары жүрігізілуде.