
ТҮРКІСТАНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛДІ
Түркістан облысында «Халал Даму» мекемесінен сертификат алған бірқатар кәсіпорындарға жоспарлы бақылау-қадағалау жұмыстары жүргізілді. Тексеріс барысында кәсіпорындардың «Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай жұмыс істеп жатқанына баса назар аударылды. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» мамандары – Қазбек Сарыбаев пен Аружан Аралбай жүзеге асырды.
Олар өндірістік цехтардың санитарлық жағдайын, шикізат пен қосалқы ингредиенттердің құрамын, тасымалдау және сақтау тәртібін, сондай-ақ құжат айналымы мен ішкі бақылау жүйесінің жүргізілуін тексерді. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлерінің халал стандарты бойынша білімдеріне де ерекше мән берілді.
Жалпы тексеріс нәтижесі бойынша кейбір кәсіпорындарға бірқатар ескертпелер беріліп, стандарт талаптарын сақтау бойынша нақты нұсқаулықтар ұсынылды.