«Turkistan et kombinaty» сертификатталды
Ет және ет өнімдерінің импорт, экспортымен айналысатын отандық «Turkıstan Et Kombınaty» қасапханасы «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Діни басқармаға арнайы келген қасапхана өкіліне «Халал Даму» директоры «QMDB Halal» сертификатын табыстады.
«Кәсіпорынның негізігі бағыттары — бидай өсіру және өңдеу, мал азығын өндіру, ет және ет өнімдерін дайындау. Өндіріс аумағы толығымен автоматтандырылған. Сонымен қатар, дайын ет өнімдерінің сапасы мен тазалығын бақылауға арналған арнайы зертхана да бар. Қасапхана жылына 1500 тонна ет өңдеуге қауқарлы. Дайын өнімдер Катар секілді бірқатар шет елдерге тасымалданады. Ет комбинатының «Koktedı» қасапханасы «Ауылшаруашылығы жануарлары мен құстарын сою» халал стандартына сай деп танылды. Кәсіпорынға берілген «QMDB Halal» сертификаты 09.03.2022-08.03.2023 ж мерзімі аралығында жарамды екенін хабарлаймыз.