«Uaharra» және «Көркем-MG» кәсіпорындары сертификатталды
Шымкент қаласындағы «Uaharra» дәмханасы мен «Көркем-MG» жуғыш және тазартушы өнімдері «QMDB Halal» стандартына сай сертификатталды. Сертификатты Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы табыстады.
Жиналған жамағаттың алдында кәсіпорын өкілдеріне халал сертификатын табыстаған бас имам:« Кәсіпкерлікті қолдау – ел экономикасын арттыруға бағытталған батыл қадамның бірі. Өңірдегі халал кәсәпорындардың санын арттырып, отандық өнімдердің сапасын жақсарту «Халал Дамудың» негізігі бағыттарының бірі. Осы орайда сертификатталушы «Uaharra» және «Көркем-MG» кәсіпорын өкілдеріне алғысымызды білдіреміз», — деді.
«Uaharra» дәмханасы «Қоғамдық тамақтандыру қызметтері», «Көркем-MG» кәсіпорнының 9 түрлі жуғыш және тазартушы өнімдері «Халал парфюмерлік-косметикалық өнімдерін өндіруге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын талаптар стандартына» сай сертификатталғанын хабарлаймыз!