ҰАО мен «Халал Даму» қызметкерлері «Ясмин» шұжық цехында
«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен Ұлттық аккредиттеу орталығы мамандары елордадағы «Ясмин» шұжық цехында аккредиттеу кезеңінің алғашқы тәжірибелік аудит шараларын жүргізді. Бақылау-қадағалау түрінде жүргізілген тәжірибе жұмыстарына "Халал Дамудың" бас сарапшы-технологы Жанар Мұратқызы, технолог, ветеринарлық санитария ісінің маманы Данияр Бақзейнелұлы және аккредиттеу орталығы мамандары қатысты.
«Халал нарығы – жас та болса, қарқынды дамып келе жатқан сектор. Халал нарығының көлемі мен жыл сайынғы өсу қарқынын ескерсек, Қазақстанның да жаһандық нарықта нық орнығуына мүмкіндік бар. Бұл тұрғыда Ұлттық аккредитация орталығы мен «Халал Даму» бірлескен жобаларды жүзеге асырып, аккредитеу барысын өндіруші кәсіпорындарға таныстыру секілді алғышарттарды орындап, халал спецификасын өндірістің барлық тізбегінде, атап айтқанда, өндіріс орнынан бастап тасымалдау мен логистикада да орындау мәселелерін түсіндірді» — деген Айбек Асқарбекұлы аккредиттеу халал нарығында жаңа мүмкіндіктерге жол ашатындығын жеткізді.