Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

13 ақпан 2025

265

Жаңалықтар

УНИВЕРСИТЕТ АСХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Алматыдағы «SDU University»-ң «Naubay bakery» асханасы «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Аталған асхана «Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар ЖШС СТ 96090-1-2021» стандартына сәйкес деп танылды. Сертификатты Қарасай ауданының бас имамы Дәуренбек Жандосұлы табыстады.

Сертификаттау барысында асхананың өндірістік процестері жан-жақты тексерілді. «Халал Даму» мамандары шикізаттың халалдығы, өнім дайындау барысында қолданылатын ингредиенттердің құрамы, сақтау және тасымалдау талаптарының стандартқа сәйкестігін қадағалады. Асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайына, тағам әзірлеуде қолданылатын жабдықтар мен ыдыстардың тазалығына ерекше мән берілді.

Бақылау шаралары нәтижесінде «Naubay bakery» асханасының халал талаптарына толықтай сай екендігі анықталды. Осыған орай, сертификат табысталып, асхана қызметкерлеріне халал стандарттарын қатаң сақтау бойынша қосымша нұсқаулықтар берілді.

Асхананың мекен-жайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Аблайхан көшесі, 1/1.

Бөлісу: