Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

09 маусым 2022

35

Жаңалықтар

Ұзынағаш мешітінде халал семинары өтті

"Халал Дамудың" Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жұмабеков Жанәбілдің ұйымдастыруымен Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылының "Шынасыл" мешітінде халал турасында оқу-семинары мен "Халал - шариғат талабы" кітабының таныстырылымы өтті.

Оқу-семинар барысында шариғатымыздағы халалдың орны мен маңызы жөнінде түсіндірген Жанәбіл Жұмабеков: «Алла Тағала адамзат баласына көл-көсір нығметтер беріп, жер бетіндегі халал мен харам нәрселердің ара жігін ажыратып көрсеткен. Алла пендесі үшін нені халал десе, ол сырда қайыр мен хикмет бар, ал нені харам десе, онда адам ғұмыры үшін ұшан-теңіз зиянның бар екендігі күмәнсіз. Осы турасында Құран Кәрімде: «Уа, адамдар! Жер бетіндегі нәрселердің халал әрі тазасынан жеңдер!», «Аллаһтың өздеріңе халал әрі таза етіп берген ризықтарынан жеңдер!» делінген», – деп халалдың салмағы мен маңызы жөнінде мағұлмат берді. Сонымен қатар, халал өнімдер технологиясы мен стандарт талаптары, «QMDB Halal» сертификатының артықшылығы мен ерекшелігі, зертханалық тексерістің маңыздылығы, тағамдық қоспалардың өндірісі жөнінде баяндады.



Бөлісу: