
«ВОСТОК МОЛОКО» СҮТ ФАБРИКАСЫНДА АУДИТ
Өскемен қаласындағы «Восток Молоко» сүт фабрикасында айлық аудит жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен технолог Мейіржан Бауыржанұлы орындады.
Аудит барысында кәсіпорында өндірілетін сүт өнімдерінің халал стандарттарына сәйкестігі жан-жақты тексерілді. Сарапшылар шикізат қабылдау, өңдеу, сақтау және қаптау процестерін бақылап, өндіріс цехтарын аралады. Сонымен қатар, өндірісте қолданылатын қосымша ингредиенттердің (ашытқылар, ферменттер, стабилизаторлар) халал талаптарына сәйкестігі назарға алынды. Аудит нәтижесінде кәсіпорын халал стандарты талаптарын сақтап отырғаны анықталды. Дегенмен, өндіріс процесін одан әрі жетілдіру бойынша бірнеше ұсыныстар берілді. «Халал Даму» мамандары фабрика қызметкерлеріне халал талаптары жөнінде қосымша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өнім сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған кеңестер ұсынды.
Кәсіпорын басшылығы халал өнім өндірісіне үлкен мән беретінін және тұтынушыларға сапалы, таза өнім ұсыну үшін барлық талаптарды қатаң сақтайтынын атап өтті.