Қырғызстан Республикасы: "Аброй" және "Тойбосс" шұжық өнімдері тексерілді
Көршілес Қырғызстан Республикасында орналасқан «Аброй» және «Тойбосс» сауда белгілерімен шығарылатын шұжықтар «QMDB Halal» стандарты бойынша тексерілді. Тексерісті жүргізген технологтар Абылайхан Карипбаев және Әселхан Сыздық.
Технолог мамандардың Қырғызстанға сапары барысында шұжық цехтерінің өндіріс аумақтарына бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, бірқатар тағамдық қоспалары зертханалық сынамадан өткізілді. Аудит шараларының оң нәтижесінен кейін, кәсіпорындар «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай деп танылды», – деп хабарлайды өкіл Абылайхан Карипбаев.