.jpeg)
ҚЫРҒЫЗСТАНДА АЙЛЫҚ АУДИТ
«Халал Даму» технологы Аблайхан Кәріпбаев Қырғызстан Республикасындағы халал стандарты бойынша сертификатталған кәсіпорындарда аудит жұмыстарын жүргізді. Аудит барысанда «Дилнур Кейдж», «Аброй Групп» шұжық цехтары, «Куликовский» кондитерлік өнімдер өндірісі және сертификат алуға өтініш білдірген «Риха» шұжық цехы тексерілді.
Аудит барысында өндіріс орындарының халал талаптарына сәйкестігі мұқият зерделеніп, өндірістік процестер, шикізаттың шығу тегі, санитарлық-гигиеналық жағдай, сонымен қатар қызметкерлердің халал стандарттар бойынша білім деңгейі тексерілді. «Дилнур Кейдж» және «Аброй Групп» шұжық цехтарында шариғат талаптарына сай өнім өндіру, дайын өнімдерді бөлек сақталу және тасымалдау талаптарының орындалуы бақылауға алынды. «Куликовский» кондитерлік өнімдер өндірісінде қолданылатын қоспалардың құрамына талдау жасалып, өнімдердің халал талаптарға сәйкестігіне ерекше назар аударылды.
Ал «Риха» шұжық цехында алғашқы аудит жүргізіліп, өндірісітң халал талаптарына сәйкестігі анықталды. Аудиттің оң қорытындысынан кейін халал сертификаты табысталды. «Халал Даму» технологы Аблайхан Кәріпбаев мұндай іссапарлардың екі ел арасындағы халал саласындағы ынтымақтастықты нығайта түсетінін атап өтті.