ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛДІ
«Халал Даму» мамандары Данияр Бақзейнелұлы мен Әсел Таңатар Қырғызстандағы кәсіпорындарда аудит жұмысын жүргізді.
Аудит барысында «Дилнур Кейджи», «Аброй Групп», «Адал Азык Тойбосс» шұжық цехтары және сертификат алуға ниетті «Куликовский» кондитерлік цехы тексерілді.
«Бақылау-қадағалау өндірістің халал талаптарына сәйкестігі, шикізаттар мен тағамдық қоспалардың, өнім құрамының шариғат талаптарына қайшы болмауы, санитарлық тазалық мәселесі, қызметкерлердің стандартта бекітілген тәртіп-талаптарды орындай алуы назарға алынды. Тексеріс қорытындысының оң нәтижесінен кейін «Аброй Групп» кәсіпорнына «QMDB Halal» сертификаты табысталды», – дейді маманымыз.
Ескерте кетейік, «Куликовский» кондитерлік кәсіпорынын сертификаттау процессі әлі де жалғасуда. Сертификаттау шаралары толықтай аяқталғаннан кейін нәтижесі хабарланады.