Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

22 қыркүйек 2023

205

Жаңалықтар

«ҚЫЗЫЛ МАЙ» ӨНІМІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

ПК «Кызыл май» фармацевтикалық кәсіпорнының «Қызыл май» сауда белгісімен шығарылатын фито-капсула, май, капсула, бал, сироп, крем-бальзам өнімдері  «QMDB HALAL» стандарты бойынша сертификатталды. «Халал Даму» мамандарының бірнеше этапты тексеріс шараларының оң нәтижесінен кейін, сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды.

Фармацевтикалық «Қызыл май» өнімі – Іле Алатауының экологиялық таза аудандарынан жинақталған фармакологиялық өсімдіктерден өндірілетін дәрілік зат. Халық медицинасының көпғасырлық тәжірибесі мен қазіргі заман технологияларын қолдана отырып дайындалған табиғи сығынды.

Қызыл май:

  • Тыныс алу жолдарының ауруларына;
  • АІЖ ауруларына;
  • Проктологиялық, гинекологиялық және урологиялық ауруларға;
  • Терінің және шырышты қабықтың күйіктерін емдеуде;
  • Тері аурулары кезінде;
  • Иммундық қорғаныстың төмендеуімен қатар жүретін ауруларды емдеуде;
  • Косметикалық өнімдерде қолданылады.

«Қызыл май» өніміне берілген халал сертификаты 12.09.2023-11.09.2024 мерзімі аралығында бір жылға жарамды. Кәсіпорын мекен-жайы: Алматы қаласы, Ипподромная көшесі, 6.



Бөлісу: