ҚЫЗЫЛОРДА: ИМАМДАРҒА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлының Қызылорда облысына іс-сапары барысында облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде қала және аудан мешіттерінің имамдарына арналған семинар өткізілді. Семинарға облыстың бас имамы Болатбек Ұласханұлы және бас сарапшы-технолог Данияр Бақзейнелұлы қатысты.
«Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасы аясында халал бағыты бойынша Қызылорда облысында бірқатар іс-шаралар атқарылып жатыр. Соған сәйкес, облыстағы ауыл, аудан, қала имамдарымен семинар өткізілді. Семинарда халал сертификаттау ісін халыққа кеңінен насихатау, ауыл-аудандардағы кәсіпкерлерге халалдың маңызын түсіндіру, сертификатталған кәсіпорындарда аудит жұмыстарын үздіксіз жүргізу мәселері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, технолог маман халал өнім өндіру технологиясы жөнінде баяндап, қатысушылар сауалдарына жауап берілді», – деп хабарлайды өңірлік өкіліміз.